Мәдениет

«Екеуі жүрсе, білдірмей жүрсін»: әлдекім Сәкен Майғазиевтің әйеліне оның Мадина Сәдуақасовамен қарым-қатынасы жайлы айтқан

Менің әйелім, «о не дегеніңіз, Мадинаны да, бала-шағасын да жақсы білемін. Сәкеннен қарағанда Мадинамен мен көп сөйлесемін» десе әлгі кісі бой бермей, «ешкімге білдірмей жүрмей ме?» деп қоймаған.

«МузАрт» тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің әйеліне біреу телефон соғып, Мадина екекуінің қарым-қатынасы әңгіме қылған. Бұл туралы әнші телеарнасындағы «1001» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ   

Сәкен Майғазиев пен Мадина Сәдуақасова екеуі туралы әлеуметтік желіде неше түрлі әңгіме тарап кеткен. Осыған байланысты оның әйеліне әлдекім қоңырау шалып, екеуінің кездесетінін айтқан. Әнші бағдарламада бұл әңгіменің нүктесін қойды.

«Мадина екеумізде бұндай әңгімелерге иммунитет бар. Дегенмен, орынды сұрақ қойдыңыз. Әрине, «екеуі қырықтың қырқасына шығып, елуді еңсергенде қылық шығарайын деді ме?» деген күмән туындауы мүмкін. Бірақ, Мадина екеуміз ешқашан әдеп бұзып, оғаш қылық көрсетіп, артық дүние жасаған емеспіз. Мен «мырза» ретінде әйел адамды сатыдан түскенде, көліктен шыққанда, болмаса ұшаққа мінерде «сүрініп қалмасын, құлап қалмасын» деп, қолымды беріп жүретін адаммын. Сол сияқты, Мадинамен тойда немесе көліктен түсіп жатқанда, болмаса, ұшаққа мінерде көзге түсіп қалған болуымыз керек. Ең өкініштісі, «бұлар оғаш қылық көрсетпеген» деп айтатындар аз. Керісінше, біреу бірдеме десе, өсек-аянға еретіндер көп. Осы орайда, айта кетейін, менің жұбайыма біреу хабарласып, «Сәкен мен Мадина жүрсе, білдірмей жүрсін де, әйтпесе, бұл не сұмдық» деген ғой. Осылай жаны ашығансып, керісінше отқа май құйғыштар болады. Менің әйелім, «о не дегеніңіз, Мадинаны да, бала-шағасын да жақсы білемін. Сәкеннен қарағанда Мадинамен мен көп сөйлесемін» десе әлгі кісі бой бермей, «ешкімге білдірмей жүрмей ме?» деп қоймаған. Сонда әйелім Динара «жүрсе, білдірмейтін еді» деп әңгіменің нүктесін қойыпты», - дейді Майғазиев.