«39 320 теңге»: Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтіндерге айыппұл салуды ұсынды
Күнде бір айыппұл түрін шығарасыңдар!
Танымал əнші жəне қоғам қайраткері Нұрлан Өнербаев қазақ тілінде сөйлемейтін азаматтарға айыппұл салуды ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы өнер иесі өз Instagram парақшасында бөлісті. Ол қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге мөлшерінде айыппұл салу қажеттігін жазған.
«Күнде бір айыппұл түрін шығарасыңдар! Халық өзіміз ұсынайық. Қазақ тілінде сөйлемейтіндерге 39 320 теңге айыппұл салынсын», – деп бөлісті ол.