Бағым Мақсатқызының күйеуі қайтыс болды
Баян Мақсатқызы: Жақсы әке, жақсы жар, жақсы дос та бола білдің
Баян Мақсатқызының сіңлісі әнші, музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың күйеуі Әділжан Юсупов қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Баян Мақсатқызы Instagram желісіндегі сторисінде жазды.
"Бүгін біз Адикпен қош айтыстық. Сен жақсы адам едің. Жақсы әке, жақсы жар, жақсы дос та бола білдің. Біз сені жақсы көреміз және кеудемізде жүрегіміз соғып тұрғанда сені ешқашан ұмытпаймыз. Иманды бол!" деп жазды Баян Мақсатқызы.