Шаш күтіміне арналған 7 кеңес
Үй жағдайында шаш күтімін салон процедураларынан кем қылмай жасауға болады. Ең алдымен сізге бас терісі үшін дұрыс құралдарды таңдау маңызды.
Төменде біз шашты қалай күту керектігін айтамыз. Құрғақ және сынғыш шашты қалай тегіс және жылтыр етуге болады?
1-қадам. Шашты дұрыс тарау
Үйде шаш күтіміндегі ең қарапайым әдіс-тарақпен тарау. Шашты күні бойы ғана емес, жуар алдында да тарау керек. Сусабынмен жуу кезінде шаштың аздап түсуі қалыпты жағдай. Бірақ егер сіз шашты тарамай жусаңыз сау, жаңа шашты жұлып алу қаупі бар. Шашты ұштарынан бастап тарау керек. Ақырын, ұзындығын сақтай отырып, ұштарын тараңыз, содан кейін біртіндеп түптеріне қарай жылжытыңыз. Шаш зақымдалмайды және сонымен ұйысып қалған шаштарыңызды да тарау оңай болады.
2-қадам. Бас терісіне арналған Пилинг
Бас терісін терең тазартудың маңызы зор. Көбісі бұл кезеңді өткізіп жібереді. Дегенмен, бұл әдіс әдемі және сау шашқа жетудің алғашқы қадамы. Мұндай өнімдер бас терісін терең тазартады, шаштың өсуін ынталандырады, тіпті шашты аз жууға көмектеседі. Егер сіз пилингпен қоса қолдарыңызбен жеңіл массаж жасасаңыз, онда қанның микроциркуляциясы жақсарады, бұл шашқа ғана емес, миға да пайдалы. Пилинг тек майлы бас терісі үшін қажет деген қате түсінік бар. Олай емес. Құрғақ теріге де пилинг қажет. Майлы бас терісі үшін пилингті аптасына бір, тіпті екі рет қолдануға болады, ал құрғақ немесе сезімтал болу үшін екі аптада бір рет жеткілікті.
3-қадам. Шашқа арналған сусабын
Шашыңызды жуу-шаш күтімінің ең оңай және айқын кезеңі. Алайда, мұнда да көптеген адамдар қателіктер жібереді. Шашыңызды сусабынмен қалай дұрыс жуу керектігін анықтайық.
* Сусабынды қолданар алдында оны алақанға көбіктендірген дұрыс. Теріні тітіркендірмейді.
* Шаштың бүкіл ұзындығына сусабын қолдануға болмайды. Оны бас терісіне жағып, біраз уақыт уқалап, қалған көбікті шаштың ұзындығына жаққан дұрыс. Әдетте, бас терісі шаштың өзінен гөрі тезірек майлы болады, және бұл әдіс шашты құрғатпауға және теріні мұқият тазартуға көмектеседі.
* Сусабынның өзі үлкен рөл атқарады. Өнімді дұрыс таңдау керек: ылғалдандыру, құрғақ шашқа арналған, сынғыштықты жою және т.б арналған.
4-қадам. Шашқа арналған Маска
Маскалар шашқа қосымша күтім жасайды. Боялған немесе бұйра шашқа күтім жасау кезінде олар таптырмас көмекші болады. Маскалардың арқасында зақымдалған шашты қалпына келтіріп, жұмсақтық беруге болады. Маскалар таза, кептірілген шашқа жағылады.
5-қадам. Шашқа арналған бальзам
Маскадан кейін шашқа бальзам жағу керек. Егер масканы аптасына 1-2 рет қолдану жеткілікті болса, онда кондиционерді шашты әр жуғаннан кейін қолданады. Ол шаштың қабыршақтарын жауып, айтарлықтай жұмсақ етеді. Өнімді тек шаштың ұзындығына қолдану керек. Кондиционерді шашыңызда тым ұзақ ұстамаңыз.
6-қадам. Шашқа арналған сарысу (сыворотка)
Шашқа арналған күтімнің соңғы кезеңі. Сарысулар қосымша күтім және күні бойы шашты қорғауды қамтамасыз етеді. Көптеген сарысулар шашқа жылтыр береді, оны тегістейді және жұмсартады. Кез-келген сарысуды шаштың ұшына жағады.
7-қадам. Шашты дұрыс кептіру
Шашты кептіргішпен кептірген дұрыс, бірақ термиялық қорғаныспен. Зақымдалу болмас үшін оларды тек суық ауамен құрғатыңыз.