Қоғам

«300-ге жуық бала»: хирург-педофил өз науқастарын зорлаған

Полиция оның қылмыстары туралы жазылған күнделігі мен суреттерді және баланың көлеміндей секс-қуыршақтарды тапты

Францияда 73 жастағы хирург Жоэль Ле Скуарнек 299 жасөспірімге сексуалдық зорлық көрсетті деп айыпталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жәбірленушінің көбісі наркозда болған оның бұрынғы пациенттері.

2020 жылы ол 4 балаға қатысты қылмысы үшін 15 жылға сотталды. Жаңа сот процесі ақпан айының соңында Ванн қаласында өтеді.

Хирургті 2017 жылы 6 жасар қыздың айтуы бойынша соттаған болатын. Полиция оның қылмыстары туралы жазылған күнделігі мен суреттерді және баланың көлеміндей секс-қуыршақтарды тапты.

Ол жиенін зорлағанын мойындап, барлық айыптауларға қарсылығын білдірді.

Жәбірленушілердің адвокаттары олардың әлі травмадан шыға алмай жүргенін және екі ер адам өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді.

Жоэль Ле Скуарнек 2005 жылы балалар порнрграфиясын сақтағаны үшін сотталған болатын. Сот ақпан айынан бастап маусым айына дейін жалғасады.