Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тас жүрек әке баласын қолшоқпардай сермеп, ашынасын ұрғылаған (Видео)

Тас жүрек әке баласын қолшоқпардай сермеп, ашынасын ұрғылаған (Видео)
ашық дереккөз
Әкесі қамауға алынды, баласы туған анасының қолына берілді
Калифорнияда бір жастан асқан сәбиін шоқпар сияқты ұстап, ашынасын ұрған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Fox News. Бақылау камерасына түсірілген видеода 27 жастағы Тэкхоук Дэнни Лим сәбиді кәдімгі шоқпар сияқты ұстап, ашынасына сермейді. Ақыр соңында, қатты ашуға булыққан ол баланы жерге тастай салды. Бақылау камерасы орнатылған үйдің иесі бұл видеоны көріп, бірден полицияға хабар беріпті. Полиция балаға зорлық-зомбылық жасағаны үшін Лимді қамауға алып, сәбиді туған анасына тапсырған. Бүлдіршін ауыр жарақат алмапты, бір-екі жері көгеріп, терісі сыдырылған. Ал әкесі бұл жауыздығы үшін темір тордың ар жағынан бір-ақ шығуы ықтимал.      
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар