Басты жаңалықтар

«Үш келіден шектеу қойылды»: Атырауда картоп тапшы

Қазір тұрақтандыру қорындағы көкөніс бірер айға ғана жетеді деп жоспарлануда

Атырауда картоп тапшылығы сезіле бастады. Сондықтан тұрғындарға үш келіден артық сатылмайды. Өйткені өңірде картоп қоры аз қалыпты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Мұндай шектеу қаладағы коммуналдық базарларда қойылған. Өйткені тұрақтандыру қорында небәрі 200 тонна картоп қалған. Оның келісі сауда нүктелерінде 180 теңгеден сатылып жатыр.  Оны делдалдар қапшықтап алып, үстеме ақы қосып саудалап жатыр дейді әкімдіктегілер. Сондықтан «әр адамға үш келіден артық сатуға болмайды» деген шектеу қоюға тура келген. Қазір тұрақтандыру қорындағы көкөніс бірер айға ғана жетеді деп жоспарлануда. Сондықтан жергілікті шаруалармен келісімшарт жасасып, қосымша картоп сатып алу жоспарланды. 

«Үш келіден шектеу қойылды. Өйткені тұтынушылар арзан бағаға сатып алып, әрі қарай жоғары бағамен сатып жатыр. Онымен қоса кейбір тұтынушылар қапшықпен де алады. Сол үшін осындай шектеу қойылды», - деді «Атырау» ӘКК АҚ азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Қайсар Құрманәлиев.