«Жұмыс пен өмір екі бөлек болса, ол – алдау»: Дина Төлепберген әріптесі Асхат Садырбай туралы ойымен бөлісті
Ісі мен сөзі бір жерден шықпаса, ол – жалған
Белгілі журналист Дина Төлепберген әріптесі Асхат Садырбайға қатысты пікір білдірді. Ол "Асхат Садырбайды неге "Астарлы ақиқаттан" алып тастамайсыз?" деген сұраққа жауап берген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол «Астарлы ақиқат» бағдарламасында жүргізушілікті өткен жылдан бастап тоқтатқанын айтты.
“2024 жылдың қаңтарында мен жүргізушілікті тоқтаттым. Менің орныма Бердімұрат Хасен келді. Оны өзім ұсындым. Мамырға дейін бағдарламаның өндірісіне менің компаниям жауап берді. Маусымда бүкіл командаммен жобадан кеттік. Түсінікті болу үшін "Астарлы ақиқатты" көлікке теңесем, мен оны айдадым, жөндедім, жолға шығардым. Бірақ бір күні кілтті иесіне тапсырдым. Одан кейін ол көлікті кім жүргізетінін мен шешпеймін. Мен өз бағытыммен жүрмін”, – деді журналист.
Дина Төлепберген әріптесінің іс-әрекетіне деген көзқарасын білдірді.
“Мен адамды оның жеке өмірінен бөліп қарай алмайды екенмін. Себебі адам – тұтас. Ісі мен сөзі бір жерден шықпаса, ол – жалған. Жұмыс пен өмір екі бөлек болса, ол – алдау", – деп жазды Дина Төлепберген.