Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Құлпынай квик» кәмпиттері»: мектептерде жаңа есірткі тарағаны туралы хабарлама тарады

«Құлпынай квик» кәмпиттері»: мектептерде жаңа есірткі тарағаны туралы хабарлама тарады
Сурет: әлеуметтік желіден
ІІМ бұл хабарламаға қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желідегі мессенджерлерде мектепте және көшеде балаларға есірткі заты бар құлпынай кәмпиттері беріліп жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға "құлпынай квик" кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат таралып жатыр. Алайда бұл таралым шындыққа жанаспайды.

Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн", - деп хабарлады ІІМ.

Сонымен қатар, ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы ескертілді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар