Қоғам

«Сарбаздарды темекі қалдығын жеуге мәжбүрлеген»: Ақтөбеде сержантқа қатысты сот үкімі шықты

Сержант өз кінәсін мойындамады

Ақтөбе соты сарбаздарға темекі тұқылын жеуге мәжбүрлеп, ұрып-соққан сержантқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Диапазон-ға сілтеме жасап.

42 жастағы сержант билікті асыра пайдаланды деп айыпталған.

Іс материалдары бойынша оқиға Ақтаудағы №25744 әскери бөлімде болған. Медициналық ротаның аумағын тазарту кезінде сержант темекі тұқылын тауып, екі қатардағы жауынгерден оны жеуді талап еткен. Сарбаздар айтқанын істеген, кейін олардың бірі уланып, медициналық пунктке жүгінген.

Сержант өз кінәсін мойындамады. Ол ешкімді темекі тұқылын жеуге мәжбүрлемегенін және күш қолданбағанын мәлімдеді. Айтуынша, жай ғана ескертулер жасаған. Ал өзінің сөздерін растайтын куәгерлердің сөзі еленбеген.

Алайда сот сержанттың кінәсін толық дәлелденген деп тапты. 2 жылға бас бостандығынан айырды. 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекпен айналысуға міндеттелді.