Қоғам

«Әкем басқа әйелге кеткеннен кейін ол жалғыз қалды»: Құралай Нұрқаділова марқұм анасы туралы жазба жариялады

Анам осылай ауыра бастады, бәрі Алланың қолында, адамның қай күні дәм-тұзы таусыларын тек Алла біледі.

Отандық дизайнер Құралай Нұрқаділова марқұм анасы туралы айтып, оның қазасынан кейін біраз уақыт күйзеліске түскенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, ол өзіне қамқорлық көрсеткен жақындары мен достарының арқасында ғана өзіне келген.

«Менің анам нағыз арқасүйер ақылшы, сырлас дос, мықты әйел болған. Әкем басқа әйелге кеткеннен кейін ол жалғыз қалды. Иә бұл өмір, өмірде бәрі болады. Сол кезде ол осы пәтерде жалғыз қалды. Сол кезде мен өзіме шешім қабылдадым, барлық жасағанымның бәрін анама арнаймын дедім. Сол себепті мен одан басқа мақсатты білмеппін.

Мен талай адамды осындай күйден шығарсам да, өз-өзіме шамам жетпеді. Бұл өте қорқынышты жағдай. Не істеріңді білмей, қандай мақсат қоярыңды білмеу деген өте қиын жағдай. Қазір туған-туыстар қайта араласа бастады.

Анам осылай ауыра бастады, бәрі Алланың қолында, адамның қай күні дәм-тұзы таусыларын тек Алла біледі. Сосын олар, менің құрбыларым маған көмектесіп, қолдау көрсете бастады. Мен тек қазір ғана өзім үшін өмір сүрудің не екенін түсіне бастадым. Қазір алдарыңызда мүлдем басқа Құралай отыр. Бізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін көп рахмет», — деп сөзін түйіндеді ол.