Қоғам

“Тұлпар-Тальго” пойызындағы зорлау ісі: “Жолаушылар тасымалы” жәбірленушіге 3 млн теңге өтемақы төлейді

Түнде жолсеріктер өздерінің кілттерімен купенің есігін ашып, кезек-кезек оны зорлаған

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты 2018 жылы “Тұлпар-Тальго” пойызында зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдің талап арызын қанағаттандырды. Сот шешімі бойынша “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының еншілес ұйымы – “Жолаушылар тасымалы” АҚ жәбірленушіге 3 млн теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ALASH.KZ сайтына сілтеме жасап.

“Акционерлік қоғам “Жолаушылар тасымалы” жәбірленушінің пайдасына 3 млн теңге моральдық өтемақы және өкілдік қызметтеріне төленген 350 000 теңге сот шығындарын өтеуге міндеттелсін. Талап арыздың қалған бөлігі қанағаттандырусыз қалдырылсын”, – делінген сот шешімінде.

Оқиғаның хронологиясы

❖ 2018 жылы жас әйел ғылыми конференциядан елордадан Ақтөбеге “Тальго” пойызымен қайтып келе жатқан еді.

Оның айтуынша, түнде жолсеріктер өздерінің кілттерімен купенің есігін ашып, кезек-кезек оны зорлаған.

❖ Сот шешімі: Екі кінәлі де 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

❖ 2024 жылдың маусымы: Сотталғандардың екеуі де бостандыққа шықты. Олардың бірі жазасын толық өтесе, екіншісі шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған.