Мәдениет

«Жағдайлар бар, қоштасуға тура келетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова жазбасымен көпшілікті ойландырды

Актриса өлең оқып, көпшілікті алаңдатып қойды

Белгілі актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында бір шұмақ өлең жазып, жұртты ойландырып қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Көпшілік Қайрат Нұртастың әйелі ішіндегі мұңын өлең арқылы жеткізді деп балады.

«Жолдар бар, жалғыз жүріп өтетін,
Сәттер бар, соңғы нүктені қоятын,
Жағдайлар бар, қоштасуға тура келетін,
Адамдар бар, қайта оралуға болмайтын», - дейді актриса.

Желі қолданушылары өлеңге қатысты неше түрлі пікірлер жазды. Олар «Сөз төркінін түсінетін адам түсінді», «Мықты бол, әр сүрінгеннен қайта тұрып, жүруге қақың бар», «Қайрат, қош бол! Жұлдыз сен мықтысың», «Үйді жаныңыздан босатыңыз. Жабыспаңыз», «Түсінген жанның жүрегін тіліп өттің-ау», «Жұлдыз, сен бұл сынақтан әлі-ақ өтіп кетесің» деп жазды.