Мәдениет

«Өмірім 180 градусқа өзгерді»: Сандуғаш Стамғазиева не себепті сахнада көрінбей кеткенін айтты

Белгілі сазгер Алтынбек Қоразбаев екеуіне ортақ екі қыз бар

Көп уақыттан бері сахнадан көрінбей кеткен әнші Сандуғаш Стамғазиева не себепті өнерден үзіліс жасағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында әңгімеледі. Сондай-ақ, қазір немен айналысатынын айтты.

«Өмірім 180 градусқа өзгереді деп мен өзім ойлаған жоқпын. Бірақ дүниеге бала алып келгеннен кейін балаға жақсы тәрбие беру керек, үйде отыру керек. Екі қыз бала менде, ұл бала болса бір жөн. Қыз балаға жақсылап қарау керек. Қыздарым жиі ауыратын, сосын үйде отыруға тура келді», — дейді әнші.

Белгілі сазгер Алтынбек Қоразбаев екеуіне ортақ екі қыз бар. Айтуынша, екі қызы да өнерден алыс емес.

«Мейрамбек екеуімізде той көп болды ол кезде. Кейде шатасып кетіп, тойға бармай қалған кездеріміз де болған. Аллаға шүкір, сол тойдың арқасында, халықтың арқасында, әнімізді айтып жүріп, жағдайымызды жасадық. Қазір әншілерді айтасыздар ғой, байсыздар деп. Сіздердің арқаларыңызда баймыз біз. Екі жылда үй алдым, бала кезімнен арманым еді. Алматының Таугүл деген жерінен ойып тұрып үй алдым. Үйімді алып, өніп-өстім. Құдайға шүкір», — дейді әнші.