Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Ешқашан көп ақша таба алмайды": табысты болуға қандай таңғы әдеттерді жасамау керек, біле жүріңіз

"Ешқашан көп ақша таба алмайды": табысты болуға қандай таңғы әдеттерді жасамау керек, біле жүріңіз
Сурет: factroom.ru
Мұның бәрі қаржыға деген жолды жауып, табысты болуға тосқауыл тудырады

Таңертеңгі әдеттер адамның қаржылық әл-ауқаты үшін өте маңызды. Мұны ғалымдар әлдеқашан дәлелдеп қойған. Егер табысты болғыңыз келсе, кейбір әдеттерді дұрыс қалыптастыра біліңіз. KYN.KZ ақпарат агенттігі мамандардың кеңесімен бөліседі.

Жұмыс күні кеш уақытта ояну бұл – табыс пен молшылыққа әкелмейді. Бұл стресстік жағдайды тудырады. Ол ғана емес, жұмыста проблемалар туғызып,  қаржылық мәселелерге қиындық әкеледі.

Жұмыс бастауға санаулы минут қалғанда ояну күнді дұрыс және сергек бастауға кедергі келтіреді. Үнемі асығып жүру стресске әкеп соқтырады. Сондай-ақ, ұтымды күн жоспарлауға өз кесірін тигізіді.

Бизнес-эксперттер жетістікке жеткен адамдар күнін таңғы сағат 05.00-ден бастайды. Олар ұйқысан ояна сала жаттығу жасап, медитациямен айналысады, кітап оқиды. Таңертең олар энергиямен өзін толықтырады. Ең маңызды деген істерге назар аударып, соған қарай жоспар құрады.

Ал өзіңе жеке уақыт бөле алмау, адамның интеллектуалды, рухани және физикалық тұрғыдан дамуын тежейді. Мұның бәрі қаржыға деген жолды жауып, табысты болуға тосқауыл тудырады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар