Таразда 16 жастағы оқушы қыз өгей әкесінен босанды
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Таразда 16 жастағы оқушы қыз босанып калды. Бұл туралы облыстық перинаталдық орталықтың қызметкерлері полицияға хабарлаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Күдікті қыздың өгей әкесі. Құқық қорғау органдарына ер адам өзінің ешқандай қатысы жоқ екенін айтқан. Бірақ әртүрлі зертханаларда ДНҚ сынағы жүргізілген. Екі тәуелсіз зертхана да оның баланың әкесі екенін растады.
“Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық әрекетті жасады деген күдікпен қыздың 54 жастағы өгей әкесі анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 120-бабының 3-1-бөлігі «Кәмелетке толмаған баланы зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу сотының санкциясымен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД.