Астанада 16 жастағы қыз биіктіктен құлады
Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі елорда тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді
Астанада қыз биіктен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 9 ақпанда болған.
Куәгерлер оқиға Кенесары мен Уәлиханов көшелері қиылысындағы көпқабатты үйде болғанын мәлімдеді.
Трагедия куәгерлерінің айтуынша, 16 жастағы қыз 16-қабаттан құлаған.
Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі елорда тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді.
"Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.