Бағым Мұхитденова марқұм болған күйеуіне ән арнады (ВИДЕО)
Бірқатар өнер жұлдыздары көңіл айтты
Баян Мақсатқызының сіңлісі музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова марқұм болған күйеуі Әділжанға арнап ән шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол күйеуі Әділжан Юсуповпен 23 жыл бірге тұрған.
«Біздің соңғы рет бірге түскен фотомыз. 23 жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Осы әнді саған ғана арнап орындауым ұнайды деп ойлаймын» - деп жазды Бағым Мұхитденова.
Жазбаға Айнұр Тұрсынбаева, Жанар Дұғалова, Алтынай Жорабаева, Ернар Айдар, Маржан Арапбаева, Сәкен Майғазиев, Тамара Асар сынды өнер жұлдыздары көңіл айтқан.
Еске салсақ, қаралы хабарды продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын.