Басты жаңалықтар

Ақтөбеде басынан айырылған адам денесі табылды

Мәйіттің жанында киімдері мен 10 000 теңге жатты.

Ақтөбеде саяжайға қарақат теруге барған 53 жастағы әйел басы жоқ адамның мәйітін тауып алды. 6 шілде күні түсте 53 жастағы әйел "Учитель" бау-бақша ұжымына қарақат теріп алуға келген. Алайда адам шошырлық көріністен саяжай тұрғынының жүрегі тоқтап қала жаздады. Әйел бұта арасынан басы жоқ адамның денесін тауып алған. Ақтөбелік бірден полицияға хабар береді. "Ақтөбе Таймс" басылымының ақпаратынша, оқиға орнына полицейлер мен прокуратура қызметкерлері келген. Олар мәйіттің жанынан қысқа күртке, қызыл спорттық костюм, тоқылған бас киім, шұлық пен 10 мың теңге тапқан. "Қаза тапқан адамның кім екені және қашаннан бері ол жерде жатқаны әлі анықталған жоқ. Сараптама жүргізіліп жатыр. Қалған ақпаратты хабарлай алмаймыз", — деп мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз қызметі. ІІД мәйіттің басы болмағанын жоққа шығармады.