Қоғам

«Ажалыма хатта жазылғандар кінәлі»: Арыстанбек Мұхамедиұлының атынан жазылды деген хат жарияланды

Аты-жөні аталған адамдар кінәлі деп санауды сұраймын

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының парақшасында оның атынан жазылды деген хат та жарияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

Оның авторы экс-министр ісіне қатысы бар судьялар мен тағы бірнеше адамның аты-жөнін атап, оларды айыптаған.

 "Бұл сот істерін тәуелсіз сарапшылар қарайтын болса, барлық айыптаудың ойдан шығарылғаны, заңсыз және жалған қорытындыларға негізделгені анық болатынына сенімдімін", - деген.

Ол "Атбасар қаласындағы түрмеден баршаға үндеу жасай отырып, ажалыма жоғарыда аты-жөні аталған адамдар кінәлі деп санауды сұраймын. Бұл жүгенсіз заңсыздықты "өлім" ғана тоқтата алады деген қорытындыға келіп отырмын" деп жазған.