«Саған мотивация болады»: Роза коуч қыздарға жас жігітке тұрмысқа шығуға кеңес берді (ВИДЕО)
Коучтың айтуынша, жас жігіттердің ойы таза және милары шірімеген
Белгілі коуч Роза Әшірбаева қыздарға жас жігіттерге тұрмысқа шығуға кеңес берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Желі жұлдызына оқырманының бірінен “Өзіңнен бес жас кіші жігітке тұрмысқа шығуға бола ма?” деген сұрақ қойған.
“Рұқсатымды беремін. Жас жігіттер жақсы. Оларда демократиялық көзқарас қалыптастырған. Ойлары таза, милары шірімеген. Біздің замандастарымыз 40-қа келді. “Қатын деген бүйту керек” деп отыратын еркектер. Ал жас жігіттер ондай емес. Бес жас кіші жігітпен қарым-қатынас құра бер. Онда тұрған ештеңесі жоқ. Керісінше, саған мотивация болады. Өзің жас көрінуге оның қасында әдемі болып жүруге ұмтыласың. Ең бастысы, абьюзер, тиран болмасын. Сексист болуы да жақсы емес. Сондықтан сенімді болсаң, алға қарай баса бер”, – деді Роза коуч.
Бұған қатысты желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған. Кейбірі коучтың сөзін әзілге айналдырып жіберген.
Олар видеоның астына “Менің ұнататын адамым да өзімнен жеті жас кіші”, «Өзім алатындай қуанып кеткенім қалай», «Неге еркектер ғана жас қыз алу керек десеңізші», «Шынымен жас малдың етіндей жұмсақ болады екен», “Махаббат жасқа қарамайды” деп жазды.