Қоғам

Жамбыл облысында полиция қызметкері өзіне оқ атты

The final spritzer

Өлімінің себебі анықталып жатыр

Жамбыл облысында 22 жастағы полиция қызметкері өз-өзіне оқ атып, көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Полицейдің өлі денесі Тараздан бес шақырым жерде, Жасөркен кентінде табылды. 2003 жылы туған жігіт полиция кіші сержанты болған. 

Алдын ала ақпарат бойынша, арнайы қызметтік қамтамасыз ету басқармасының қызметкері өз тапаншасымен басына оқ атқан. Өлімінің себебі анықталып жатыр.

Оқиға орнына облыстың ПД басшылары, арнайы қызметтік қамтамасыз ету басқармасы және тергеу тобының өкілдері жедел барды.