«Қыстың суығында киімсіз аулада ұстаған»: Павлодарда пансионат қызметкерлері қарттарды азаптаған (ВИДЕО)
Жәбірленушілердің бірі 84 жаста екен
Павлодарда пансионат қызметкерлері қарттарды ұрып-соғып, азаптаған. Бұл туралы Ақсу қаласының прокуратурасы бақылау жұмыстары кезінде анықтады, деп хабарлайды KYN.KZ
Мекеменің бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Зерттеу барысында азаптау фактілері ашылды. Пансионат қызметкерлері екі дәрменсіз қартты ұзақ уақыт бойы қорлап келген. Зорлық-зомбылық көрсетіп оларды үнемі ұрып-соққан. Қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған. Жәбірленушілердің бірі 84 жаста екен.
Ақсу қаласының прокуратурасы ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазіргі уақытта барлық кінәлі адамдар анықталды.