Қазақстанда доллар бағамы 500 теңгеден төмен түсті
Ұлттық банктің 13 ақпандағы ресми бағамы долларға 501,31 теңгені құрайды
Қазақстанда 13 ақпандағы аукционда доллардың қандай бағамы белгіленді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,95 теңгеге төмендеп, 497,88 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 ақпандағы ресми бағамы долларға 501,31 теңгені құрайды.
kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 498,87 теңгені, сатылымы 502,89 теңгені құрап отыр. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 498,54 теңгеден сатып алынып, 504,63 теңгеден сатылуда.