Байқау бірінші күнінің қорытындысы бойынша 6 ел шығып кетті, Қазақстан финалға жолдама алды.
Қазақстандық әнші Ернар Садырбаев «Славян базары» халықаралық байқаудың финалына өтті
«Бірінші күннің қорытындысы бойынша, конкустан 6 ел, атап айтқанда Мексика, Греция, Босния мен Герцеговина, Әзербайжан, Гвинея, Египет мемлекетінің өкілдері шығып қалды. Қазақстан ары қарай өтті»,- деп жазады әншінің продюсері Жанна Мұханова өзінің Инстаграмдағы парақшасында.
Біз бұған дейін Беларусьтің Витебск қаласында өтетін «Славян базары» халықаралық байқауда Қазақстан намысын «Әміре» атымен белгілі - Ернар Садырбаев қорғайтындығы туралы жазған болатынбыз.
Аталған фестивальде Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева мен әнші Димаш Құдайберген төрелік жасауда. Айта кетсек, Димаш Құдайберген 2015 жылы Витебскіде өткен «Славян базары» халықаралық ән фестивалінде бас жүлдені иеленген болатын.