Қоғам

Динара Құлыбаеваның үстінен іс қозғалды

Прокуратура бұл ақшаның бәрі қайдан келгенін анықтап жатыр

Динара Құлыбаеваның үстінен іс қозғалды. Ол Женевадан 126 миллион франкқа (қазіргі бағам бойынша 69 миллиард 724 миллион теңге) үш жылжымайтын мүлік сатып алған болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Назарбаевтың қызы сол нысандардың бірі Швейцариядағы Бельрив қамалын  2022 жылы 106 миллион франкқа (58,6 миллиард теңге) сатып алған. Қамал 1666 жылы Савой герцогы II Карл-Эммануил үшін салынған. Бұдан басқа 44 миллион франкқа (25 млрд теңгеге жуық) Женева көлінің жағасынан жер телімін алған.

Ал 2019-2022 жылдар аралығында бас-аяғы 62 мың шаршы метрлік сәнді ғимарат сатып алған. Тіпті 2009 жылы 74,7 миллион франкқа (41 миллиард теңгеден аса) Аньер қаласынан керемет жекежай алған екен.

Прокуратура бұл ақшаның бәрі қайдан келгенін анықтап жатыр.

Ал Құлыбаеваның адвокаты жылжымайтын мүлікке жұмсалған ақша адал жолмен келгенін айтады.