«Не қайғырарымды не қуанарымды білмей есеңгіредім»: Ернар Айдар әкесінің дүниеден озған күні ұлды болған
Өлгеннің артынан өлмек жоқ, қайғы мен қуаныш қатар жүреді, деген сөздердің мағынасын осы кезде тереңдей түсіндім
Белгілі әнші Ернар Айдар ұлының өмірге келген күні туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өткен жылдың желтоқсан айында әншінің әкесі дүниеден озған еді. Айтуынша, дәл сол күні келіншегі босанып, ұлды болған.
“Пенде болғасын арманымыз бен әттеген-айымыз қатар жүретіні белгілі. Тас түскен жеріне ауыр демекші, әкемнің қазасы өте ауыр тиді. Әкемнің жаназасы болатын күні таңда ұлым дүние есігін ашты. Біз әкемізді түсте ақтық сапарға шығарып салдық. Сөйтіп әкем Айдарұлы Жаңабайдың немересі, Ернарұлы Жаңабек дүниеге келді. Қайғыдан құлазып жүрген мен, не қайғырарымды не қуанарымды білмей есеңгіредім. Өлгеннің артынан өлмек жоқ, қайғы мен қуаныш қатар жүреді, деген сөздердің мағынасын осы кезде тереңдей түсіндім”, – деп жазды әнші.