Қоғам

«Енді ерсі болды»: Шри-Ланка дәстүрінде некесін жаңғыртқан Құралай ханым сынның астында қалды

Өз өмірімізден кино жасаймыз деп, сөзге қалдық

Үндістанға күйеуімен бірге барған психолог Құралай Ошақбаева некесін қайта жаңғыртты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі парақшасына көріністен видео жүктеген ол көпшіліктің сынына қалды.

“Шри-ланка дәстүрінде бар неке жаңғыртуды біз де жасадық. “Үнді махаббаты” болып, 25 жұп некемізді жаңғырттық. Отбасылық достарымызбен жылдағы дәстүріміз әдемі жалғасты. Өз өмірімізден кино жасаймыз деп, сөзге қалдық. Бұрыш-бұрышта тығылып, әр нәрсені бүлдіріп, арақ ішіп, неше түрліні көрсетіп жүргендер бар емес пе?! Оның қасында бала кезден көріп өскен үнді фильмдерін өз көзімізбен көріп, бөтен емес, өз байымызбен, өзіміз үшін естелік етіп контент жасап жатқан жоқпыз ба?!”, – деп жазды психолог. Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, психологтың әрекетін аяусыз сынап жатыр. 

«Неге осы еліктегіш халықпыз, өз құндылығымыз жоқ па? Өз басым дұрыс емес деп ойлаймын. Неке еріккеннің ермегі емес», «Бөтен елдің дәстүрімен неке қию деген надандық!!!!Енді бөтен елдің дініне кіріп кетпеуіңе кім кепіл!», «Бұл енді ерсі болды . Біреудің қаңсығы біреуге таңсық болады демекші» деп жазған көпішілік.