
Астана
Елордада күн құбылмалы, кей жерлерде аздаған қар жауады. Бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсіп, көріну қашықтығы төмендеуі мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Температура: түнде -9...-11°C, күндіз -3...-5°C.
Алматы
Алматыда құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең аздаған қар жауады. Тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болуы ықтимал. Жел шығыстан 2-7 м/с. Температура: түнде -4...-6°C, күндіз 0...+2°C.
Шымкент
Шымкентте жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі. Түнде тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с. Температура: түнде -3...-5°C, күндіз +7...+9°C.
Ақмола облысы
Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында аздаған қар жауады, бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін. Температура: түнде -7...-12°C, шығыста -15°C, күндіз -1...-6°C.
Алматы облысы
Түнде облыстың оңтүстігі мен таулы аймақтарында аздаған қар жауады, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел шығыстан 9-14 м/с. Температура: түнде -3...-8°C, таулы аймақтарда -11...-16°C, күндіз -2...+3°C, солтүстікте және таулы аудандарда -5...-10°C.
Жетісу облысы
Таулы аймақтарда қар жауады. Кей жерлерде тұман болады. Жел шығыстан 9-14 м/с. Температура: түнде -6...-15°C, таулы аудандарда -19°C, күндіз -3...+2°C, оңтүстікте +5°C, таулы аймақтарда -8°C.
Түркістан облысы
Тау бөктерлерінде қар жауады. Кей жерлерде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Температура: түнде -5...0°C, таулы аудандарда -8°C, күндіз +5...+10°C, таулы аудандарда +1°C.
Батыс Қазақстан облысы
Түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Температура: түнде -10...-15°C, оңтүстікте -7°C, күндіз -5...-10°C, оңтүстікте -2°C.
Атырау облысы
Жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Көктайғақ және тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Температура: түнде -5...-10°C, батыста -2°C, күндіз 0...-5°C, батыста +2°C.
Маңғыстау облысы
Батыс пен солтүстікте жаңбыр, қар жауып, тұман және көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып, 9-14 м/с, батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді. Температура: түнде 0...+5°C, солтүстік пен шығыста -3°C, күндіз +2...+7°C, оңтүстікте +10°C.
Ақтөбе облысы
Жауын-шашын (қар, жаңбыр), солтүстік пен батыста күшті қар жауады. Бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан батысқа ауысып, 9-14 м/с, солтүстік пен шығыста 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Температура: түнде -1...-6°C, солтүстік-батыста -9°C, күндіз -4...-6°C, кейін суытады.
Қостанай облысы
Батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде қар жауып, боран болады. Көктайғақ пен тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, солтүстік, батыс және шығыста 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшеюі мүмкін. Температура: түнде -3...-8°C, шығыста және оңтүстікте -11°C, күндіз 0...-5°C, солтүстік-батыста -8°C.
Солтүстік Қазақстан облысы
Оңтүстік пен батыста қар жауады, күндіз қар мен жаңбыр аралас болады. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін. Температура: түнде -12...-17°C, күндіз -1...-6°C.
Павлодар облысы
Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман болады. Жел оңтүстіктен 5-10 м/с. Температура: түнде -15...-20°C, батыста -12°C, күндіз -4...-9°C.
Қарағанды облысы
Түнде және таңертең аздаған қар жауады. Көктайғақ пен тұман болуы мүмкін. Жел оңтүстіктен 9-14 м/с. Температура: түнде -9...-14°C, батыста -6°C, шығыста -17°C, күндіз -1...-6°C, шығыста -9°C.