Ләйлә Сұлтанқызы анасының көрген қиындығын айтып, елді жылатты
Сұлтанқызы: қайсы бір қиындықты айтайын?
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы ана атанбайынша көпшілік ата-анасының қадірін түсінбейтінін айтты. Соңғы кездері ол анасына алғыс ретінде оған көп қамқорлық жасауға тырысп жүргенін айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
“Менің жұлдызым – Дишинкам. Біріміздің анамыз қасымызда, біріміздікі жоқ… Қадірін ана болғанша біле де, түсіне бермейтініміз тағы бар. “Соңғы кезде мамаңызды көп көрсетесіз, көзінде мұңы бар, әбден қиындық көрген-ау” деген пікірлерді оқып қаламын. Иә, расымен түрлі жағдайлар бастан өтті ғой. Қайсыбірін айта берейік. Өткен өмірді қозғай бергеннен не пайда? Көбіміздің ата-анамыздың тағдыры ұқсас қой. Қиындыққа қарамай өсірді, оқытты, жеткізді.
Шүкір, тәуба. Алға ұмтылуымыз керек. Өсіріп отырған ұл-қыздарымыздың бақытын көруді баршамызға нәсіп етсін. Ал қазір ыңғайы келсе, барынша анама көңіл бөліп, әр сәтін мәнді де сәнді қылғым келеді", – деп жазды медиа маманы.