Мәдениет

«Әруақтан қорықпайсыз ба?»: жақында күйеубаласы қайтыс болған Баян Мақсатқызы көпшіліктің сынына қалды

Желі қолданушылары Баян Мақсатқызының шетелде демалып жүргеніне таңырқай қарады

Жақында ғана күйеубаласы қайтыс болған продюсер Баян Мақсатқызы шетелде демалып жүр. Марқұмның қырқы өтпей жатып, қыдырып жүрген оған жұрт шүйлікті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жуырда Баянның туған сіңлісі Бағым Мұхитденованың күйеуі Әділжан Юсупов қайтыс болған еді.

Желі қолданушылары продюсердің жағажай маңында шомылуға арналған киіммен сурет жариялағанын сынға алды.

«Бәрі жақсы, бірақ күйеу баласының қырқы өткен жоқ», «Сіңліңіз қайғыдан қан жұтып отыр. Өте ұят», «Баян, сіздің сүйікті сіңліңіз күйеуінен айырылып, қайғыға батып отыр. Әлі қырқы да өткен жоқ. Іш киіммен фотоға түсуіңіз қаншалықты орынды», «Әруақтан қорықпайсыз ба?» деп жазды олар.