Басты жаңалықтар

Ұлытаудағы шахтада жеті адамның денесі табылды

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында құтқарушылар тобы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС жеті жұмысшысының денесін тапты.

Марқұмдардың кім екені қазір анықталу үстінде, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

 

17 ақпан күні кешке Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы "Қазақмыс" корпорациясының "Жомарт" кенішінде тау-кен массасы құлаған. Сол жерде шахтаның жеті қызметкері болды. Кабельдер үзілген соң жұмысшылармен байланысу мүмкін болмаған.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша сол кеште Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы трагедияны тергеу үшін арнайы комиссия құрылған. Комиссияға оның орынбасары Қанат Бозымбаев жетекшілік етеді.