"Ең жас кенші 26 жаста": Ұлытауда қаза болған кеншілер тізімі шықты
Дүйсенбі күні "Жомарт" кенішінде 7 кенші тау жынысы опырылғанда ойынды астында қалды.
17 ақпан, дүйсенбіде "Қазақмыс" корпорациясына қарасты "Жомарт" кенішіндегі шахтада тау жынысы опырылды. Оқиға салдарынан жеті қызметкер үйінді астында қалды. Кейін барлық кенші қаза болғаны туралы ақпарат тарады. Ең жасы 26 жаста болған.
Қаза тапқан кеншілердің тізімі:
Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, сорғы қондырғыларының машинисті;
Жақубаев Ардақ Боранбайұлы, 1998 жылы туған, жер асты учаскесінің тау-кен шебері;
Жұмаділлаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жер асты кен жұмыскері;
Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-тасымалдау көлігінің машинисті;
Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған, шпур бұрғылау көмекшісі;
Нұрұлдаев Олжас Жағалбайұлы, 1979 жылы туған, жер асты учаскесінің энергетигі;
Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жер асты тау-кен өткел жабдықтарының электрослесарь-монтаждаушысы.