Басты жаңалықтар
Светлана Подобедова және басқа да қазақстандық спортшылар допинг тесттен өте алмады
- автор kyn.kz
- 14 шілде, 2018
- 589
Допинг қолданған 70 қазақтандық спортшы алдағы Олимпиада ойындарына бара алмайды.
Бұл жайлы ҚазАқпарат жазады.
Ұлттық антидопингтік орталық допинг қабылдағаны үшін шеттетілген спортшылардың тізімін жариялады.
ізімге 2014 жылдан бері жарыс кезінде және жарыстан тыс уақытта антидопингтік ережелерді бұзған 70 адам кірді. Олардың қатарында Светлана Подобедова, Жасұлан Қыдырбаев, Алмаз Өтешов сынды ауыр атлетшілер, теннисші Камила Керімбаева және т.б. бар.
Жақын арада ғана 2015 жылғы Дүниежүзілік универсиада жеңімпазы атанған жеңіл атлетші Юлия Рахманова метастеронды қолданғаны үшін 2022 жылға дейін жарысқа қатысу құқығынан айырылды. Сондай-ақ, спорттың ауыр атлетика, биатлон, шаңғы жарысы, ескек есу, күрес, муайтай түрлерінен жарысқа қатысып жүрген бірнеше спортшы допинг үшін жазаға ілікті.