Қоғам

120 мың доллар: ұшақта төбелес шығарған қазақстандықтар айыппұл төлеуі мүмкін

Украинадан келген ерлі-зайыптылар мен екі қазақстандық жолаушы арасында түсінбестік туындаған

Ұшақта төбелес шығарған қазақстандықтарға айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Анталья – Астана бағыты бойынша Pegasus Airlines әуе компаниясының рейсінде жолаушылар арасында жанжал шыққан болатын. Ұшақ Түркияның Ерзурум қаласына төтенше қону жасады.

Украинадан келген ерлі-зайыптылар мен екі қазақстандық жолаушы арасында түсінбестік туындаған. Оның арты төбелеске ұласып, экипаж жағдайды бақылауда ұстау үшін шұғыл түрде қону туралы шешім қабылдады.

«Анталья – Астана бағыты бойынша Pegasus Airlines рейсінде Украинадан келген жұп пен екі ресейшіл қазақстандық жолаушы арасында жанжал туындап, ұшақ Ерзурумға мәжбүрлі қонды. Барлық төрт жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, кейіннен полицияға тапсырылды», – деп хабарлады @clashreport.

Pegasus Airlines компаниясы жолаушыларға шығынды өтеу туралы талап қойды. Түрік БАҚ-тарының жазуынша, ұшақтың шұғыл қонуы мен жанармай құю шығындары шамамен 120 мың АҚШ долларын құрады.