Рамазан 2025: биылғы пітір садақа мөлшері белгілі болды
Қасиетті Рамазан айында мұсылмандар отбасының әр мүшесіне берілетін міндетті пітір садақаны беруі керек
2025 жылы пітір садақа мөлшері мен Рамазан айының басталатын күні белгілі болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, биыл қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталады. Бұл айда мұсылмандар садақаның ең аз мөлшері пітір садақаны тапсыруы керек.
Пітір садақа 655 теңге болып бекітілді. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен отырыста айтылды. Ол еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде қойылды.
Қасиетті Рамазан айында мұсылмандар отбасының әр мүшесіне берілетін міндетті пітір садақаны беруі керек.