Басты жаңалықтар

Қаза тапқан кеншілердің суреттері жарияланды (ФОТО)

Ұлытау кенішіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің суреті жарияланды.

17 ақпанда "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі "Жомарт" кенішіндегі шахтада тау-кен массасы опырылды. Оқиға салдарынан шахтаның жеті қызметкері үйінді астында қалды. Кейін олардың барлығы мерт болғаны хабарланды. Марқұмдардың ең жасы 26 жаста болған.

Қаза тапқан кеншілердің тізімі:

Ақшалов Қайрат Аманбекұлы, 1975 жылы туған, сорғы қондырғыларының машинисі;

Жақұбаев Ардақ Боранбайұлы, 1998 жылы туған, жерасты учаскесінің тау-кен шебері;

Жұмадоллаев Бақытбек Нышанұлы, 1975 жылы туған, жерасты тау-кен жұмысшысы;

Кенжебеков Орынбек Әмірханұлы, 1991 жылы туған, тиеу-жеткізу машинасының машинисі;

Молдабеков Ғалымжан Есенбекұлы, 1978 жылы туған, шпур бұрғылаушының көмекшісі;

Нұролдаев Олжас Жағалбайұлы, 1979 жылы туған, жерасты учаскесінің энергетигі;

Рожков Константин Владимирович, 1992 жылы туған, жерасты тау кен қазу жабдықтарының электр слесарі.