Темір жол комитеті елімізде билеттер қаншаға қымбаттайтынын айтты
Биыл бұдан артық өсім болмайды
Темір жол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Келбұғанов көктемде елімізде билеттер қаншаға қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды.
Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, 1 наурыздан бастап билет бағасы өседі.
"1 наурыздан бастап инфляция деңгейіне индекстеу аясында жолаушылар тасымалы бір жолға 7 пайызға өседі. Биыл бұдан артық өсім болмайды", – деді ол.