Мәдениет

15 күнге қамауға алынған Алмас Кішкенбаев бостандыққа шықты

Әнші БАҚ өкілдерімен сөйлесуден бас тартты

Танымал әнші Алмас Кішкенбаев бостандыққа шықты. Ол 15 күн қамауда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Еске салсақ, Алмас Кішкенбаев ҚР ӘҚБтК-нің 1-бөлігінің 434-бабы («Тұлғаны қорлау, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзу») бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталған болатын.

Әншіні сыртта қара жол талғамайтын көлік күтіп тұрған. Алмас Кішкенбаев кешкі сағат 18:00-де изолятордан шықты. Ол БАҚ өкілдерімен сөйлесуден бас тартып, көлікке отырып кетіп қалған.