Уақыт белдеуінің ауысуы: ШҚО-да аудан тұрғындарының жұмыс кестесі өзгерді
Жаңа бастама пилоттық жоба ретінде қолға алынғандықтан, оның тиімділігі уақыт өте келе бағаланбақ
Қатон-Қарағай ауданында мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік ұйымдардың жұмыс кестесі өзгерді. Аудан әкімдігі тұрғындардың ұсынысын қолдап, өзгерісті пилоттық режимде енгізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
2025 жылдың 5 қаңтарынан бастап Катонқарағай ауданында мемлекеттік және әлеуметтік мекемелердің жұмыс күні бір сағатқа ерте басталады. Енді жұмыс уақыты таңғы сағат 08:00-де басталып, кешкі 17:30-да аяқталады. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін созылады. Бұл жаңа кестеге ауданның 40 ұйымы қазірдің өзінде көшкен.
“Бұл өзгеріс еңбек өнімділігін арттырып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді”, - деп атап өтті Қатон-Қарағай ауданының ішкі саясат бөлімі.
Жаңа бастама пилоттық жоба ретінде қолға алынғандықтан, оның тиімділігі уақыт өте келе бағаланбақ. Егер оң нәтижесін берсе, мұндай жұмыс тәртібі тұрақты форматта жалғасуы мүмкін.