«Әлі де 5 бала туамын»: Сабина Алтынбекова ана болуға қатысты ойын айтты
Сонымен қатар спортшы ару балаларына ана ғана емес, әпке болғысы келетінін жеткізді
Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова дүниеге тағы да бала әкелуге қатысты айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Спортшы 2021 жылы тұрмысқа шыққан болатын. Сол жылы бірінші сәбиін дүниеге әкелді. Сабина Алтынбекованың айтуынша, бала оның өміріне тек бақыт ғана сыйлайды.
«Бала – ол сөзсіз бақыт! Қуана-қуана әлі де 5 бала туамын. Сондай-ақ, олардың үлкен әпкесіндей боламын», -дейді спортшы ару.
2024 жылдың соңында Сабина Алтынбекова мансабын индонезиялық Yogya Falcons клубында жалғастыратыны белгілі болды. Қазақстандық волейболшы алғашында әріптестері оның ұлы барына сенбегенін айтады.
«Командамдағы қыздар ұлымды менің інім деп ойлаған. Мен бұрын-соңды мұндай бақытты сезінген емеспін», - дейді Сабина Алтынбекова.