Қосымша құн салығын өсіруге қатысты түзетулер Парламентке жіберілді
Премьер-Министр Олжас Бектенов 20 ақпанға дейін Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын Мәжіліске енгізуді тапсырған болатын
Парламент Мәжілісінің қарауына Салық кодексінің жобасына түзетулер енгізілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Салық кодексінің жобасына түзетулер топтамасы 20 ақпанда Мәжіліске ұсынылды.
Негізгі түзетулер қатары:
- Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегін төмендету –20 000 МРП (78,6 млн теңге) 3 800 МРП (15 млн теңге) дейін;
- Қосылған құн салығының мөлшерлемесін арттыру – 12%-дан 16%-ға дейін, бұған қоса бірқатар салалар үшін төмендетілген мөлшерлеме 10% белгіленеді;
- Жеңілдетілген декларация бойынша арнайы салық режимін қолдануды шектеу – тек B2C сегментіне (бизнес түпкілікті тұтынушылар үшін) қолжетімді болады.
Естеріңізге сала кетейік, 11 ақпанда Премьер-Министр Олжас Бектенов 20 ақпанға дейін Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын Мәжіліске енгізуді тапсырған болатын.