Қоғам

«Асылған адамның екі қолы байлаулы»: Ринат Зайытов Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты

Депутат бұл жайттан ешкім саясат жасап жатқан жоғын айтты

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов композитор Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты өз ойын білдірді. Бұл туралы ол Qazaq Airan-ға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, депутат суицид жасады дегенге күмәнмен қарайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар қоғамдағы көптеген мәселелерге тоқталды.

«Тергеу материалдарымен түгел таныс емеспін. Бірақ бірінші келген тексеру актісін оқып шықтым. Ол жерде: «Асылған адамның екі қолы байлаулы» деп анық жазылған. Журналистер неге оны зерттемейді, неге шуламайды? Себебі бұл жайттан ешкім саясат жасап жатқан жоқ», – деді Зайытов.