“Қатты жауын-шашын”: синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 21 ақпан, 2025
- 3.1k

Алдағы күндері ел аумағында қатты жауын-шашын, сондай-ақ ауа температурасының көтерілуі күтіледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері белсенді циклондар сериясының әсерінен батыста, солтүстік батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.
Жауын-шашынмен бірге ауа температурасы да көтеріледі деп күтіліп отыр, тіпті солтүстік аймақтарда күндізгі уақытта температура аздап көтерілуі ықтимал. Ал елдің оңтүстік-шығысы мен шығысына тән антициклон әсерінен бұл аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы сақталды.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер оңтүстік аймақтарда күндіз ауа температурасы біртіндеп 10-15 градусқа дейін көтерілетінін хабарлаған еді. Сондай-ақ синоптиктер биыл көктемде ауа райы қандай болатынын болжаған еді.
Метеорологтардың мәліметінше, синоптикалық процестердің жиі өзгеруі салдарынан аралық мезгіл өте тұрақсыз болады. Мысалы, суық ауа массалары келген кезде қатты қар жаууы, солтүстік аймақтарда бұрқасын соғуы, ал арктикалық суық ауа келген жағдайда үсік жүруі мүмкін.
Қазақ әдебиетінің классигі Дулат Исабеков өмірден өтті
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025