Астана-Ақтау бағыты бойынша ұшқан ұшақтан өрт шықты
Бортта 182 жолаушы болған
Астана-Ақтау бағыты бойынша ұшқан ұшақтың жүк салу бөлігінен өрт шықты. Жолаушының рюгзагы өртеніп, әуе кемесі ұшу пунктіне оралуға мәжбүр болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Fly Arystan әуе компаниясында бұл жағдай бүгін, 23 ақпанда Астана-Ақтау бағыты бойынша FS 7375 рейсін орындау кезінде орын алған.
«Ұшақтың жоғарғы жүк салу бөлігінде жолаушының сөмкесі өртенген. Өртті әуе компаниясының бортсеріктері дереу өшірді», - делінген хабарламада.
Бортта 182 жолаушы болған.
Астана-Ақтау бағытындағы бұл рейс Астана уақытымен 17.10-ға ауыстырылды.