Қазақстанда жұмыртқаны шетелге сатуға тыйым салынбақ
Сауда желілері одағы заңнама талаптарына сәйкес сауда үстемесі мөлшерін сақтайды және осы санаттағы жұмыртқаларды сатудан сыйақы талап етпейді
ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Құс өсірушілер одағы, жұмыртқа өндірушілер салалық қауымдастығы азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шараларын іске асыру бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Меморандумның ең басты мақсаты - әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру.
Оның аясында Құс өсірушілер одағы мен Қауымдастық құс фабрикаларының қоймалары мен фирмалық дүкендерінде баға тұрақты болу керек. Өз тарапынан, Сауда желілері одағы заңнама талаптарына сәйкес сауда үстемесі мөлшерін сақтайды және осы санаттағы жұмыртқаларды сатудан сыйақы талап етпейді.
«Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті өндірушілерді қорғау мақсатында жұмыртқа импортына шектеу енгізу мәселесін қарастырып, Сауда және интеграция министрлігі заңсыз импорттық жұмыртқалардың нарыққа шықпауын, оларды айналымнан алу жөнінде бақылау шараларын қабылдайды», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.