Бас мүфти оразаны кімдер кейінге қалдыра алатынын айтты
Ислам діні ауыз бекітуге, зекет пен садақа беруге шамасы жетпейтін адамдарды ауыртпалықтан босатқан
Оразаны кімдер кейінге қалдыра алатыны туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, ораза ұстауға, садақа беруге жағдайы жетпеген жандар үнемі дұға-тілекте болуы керектігін айта өтті.
«Жолаушылар, науқас жандар мен сырқаты асқынып кетуінен қауіптенетін адамдар, сондай-ақ жүкті немесе емізулі баласы бар әйел адамдар ораза ұстауды кейінге қалдыра алады. Оған шариғатымыз рұқсат еткен. Расында ислам діні ауыз бекітуге, зекет пен садақа беруге шамасы жетпейтін адамдарды ауыртпалықтан босатқан. Ал мүлде ораза ұстауға, садақа беруге жағдайы жетпеген жандар Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтып, үнемі дұға-тілекте болуы керек», - дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.