Басты жаңалықтар
Жол апатынан қайтыс болған қазақстандық блогердің мүрдесі Қазақстанға жеткізілді
- автор kyn.kz
- 14 шілде, 2018
- 353
Процессуалды тексеру нәтижесінде қылмыстық іс қозғалмайды.
Ресейде жол апатынан мерт болған қазақстандық блогердің мүрдесі туыстарына берілді. Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
«РФ ІІМ Челябі облыстық бас басқармасы Омбы қаласындағы Қазақстан консульдығына ұсынған ақпаратқа сәйкес 2018 жылдың 6 шілдесі күні Челябі облысы Ашинск ауданында «Мәскеу-Челябі» автомобиль жолының 1593 шақырымында жеңіл және жүк көліктерінің соғысуы салдарынан Қазақстанның үш азаматы қаза тапты. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен 2 жолаушысы жол-көлік оқиғасы орын алған жерде жарақаттан көз жұмды», - делінген таратылған ақпаратта.
Жергілікті полиция мәліметінше, мына адамдар қаза тапқан: автомобиль жүргізушісі Магазов К.К., 14.05.1963 дүниеге келген, Килаж Д.К., 28.12.1999 жылы дүниеге келген, Уразбаев Д.И., 01.03.2000 дүниеге келген.
«2018 жылдың 7 шілдесінде қаза тапқандардың мүрдесі туыстарына берілді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша РФ ІІІМ Ашинск аудандық бөлімі бастығының орынбасарымен процессуалды тексеру жүргізіліп, нәтижесінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылды», - деп атап өтеді ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, алдын ала мәліметке сәйкес жеңіл көлік жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан.