Қоғам

Семейде жоғары сынып оқушылары 6-сыныпта оқитын баланы ұрып-соққан: қылмыстық іс қозғалды

Білікті мамандар жасөспірімнің психологиялық жағдайын қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр

Абай облысында 6-сынып оқушысын соққыға жыққан жоғары сыныпта оқитын балаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиғаға күдіктілер анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.

"Жасөспірімдер полиция бөлімінің есебіне қойылады. Олардың тәртібін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия қарайды. Ата-аналар балаларының тәрбиесі бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылады", - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккен баламен психолог жұмыс істеп жатыр. Ал оқиғаға қатысы бар жасөспірімдерге қатысты тиісті шаралар қолданылады.

"Білікті мамандар жасөспірімнің психологиялық жағдайын қалпына келтіру үшін жұмыс істеп жатыр. Оқиғаға қатысы бар жасөспірімдерге тиісті шаралар қолданылады. Бүгін кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия отырысы өтеді, онда әрбір қатысушының әрекеті жеке қаралып, қажет шешімдер қабылданады", - делінген хабарламада.