Алматы облысында атқа мінгендер жол үсті көпірімен өткен: полиция пікір білдірді (ВИДЕО)
Полиция қызметкерлері мұндай әрекеттер жасау қауіпті екенін еске салды
Желіде жол үсті көпірінен аттармен өткендердің видеосы тарады. Бұған қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Видеода атқа мінгендердің жол үсті көпірден өтіп бара жатқаны көрінеді. Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында болған.
Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, бұл өткен жылдың қазан-қараша айларында түсірілген.
«Осы іске қатысы барлардың барлығы анықталып, полицияға жеткізілгенін хабарлаймыз. Олардың барлығы әкімшілік қамаққа алуды қоса алғанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды», - дейді полицейлер.
Полиция қызметкерлері мұндай әрекеттер жасау қауіпті екенін еске салды.